Руслан Желдібай: Жасанды интеллект зертханасы – екі тарап үшін де тиімді жоба

Жасанды интеллект зертханасы екі тарап үшін де тиімді жоба болмақ. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бір жыл бұрын Telegram елімізде өңірлік кеңсесін ашты. Нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Бүгін Павел Дуров Alem.AI орталығында жасанды интеллект зертханасын ашатынын мәлімдеді. Бұл екі тарап үшін де тиімді жоба болмақ, - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде. Елде бұл бағытта жасалып жатқан жобалардың бірі – Telegram компаниясы мен Alem.AI орталығының бірлескен зертханасы. Зертхана жасанды интеллект технологияларын дамытуға, стартаптар мен IT мамандарын қолдауға, сондай-ақ Қазақстанның цифрлық экономикасын нығайтуға бағытталған.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы