"Рухани жаңғыру" бағдарламасының жаңа кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жаңа кезеңі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жарық көрген "Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан" мақаласындағы ұлы ойшылдың еңбектері арқылы таратқан рухани бағыттары бағдарламамен сабақтасық тауып, өзара жалғасады. 


Бұл туралы бүгінгі ОКҚ баспасөз брифингінде ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов мәлімдеді.

Абзал Мұхимовтың қазір Ақордадан ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Ұлттық комиссияның биылғы алғашқы отырысынан шыққанын атап өтті.
Биыл Елбасымыз – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының іске асырылып жатқанына 3 жыл толады. Осы үш жыл ішінде өте көп жұмыстар атқарылды, нақты нақты жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жарық көрген "Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан" мақаласындағы ұлы ойшылдың еңбектері арқылы таратқан рухани бағыттары біздің бағдарламамен сабақтасық тауып, өзара жалғасуда. Өздеріңізге мәлім, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы ұлтты ұйыстыратын, қазақстандықтардың бірлігін арттыратын, ескіден арылып, жаһандық үдеріс кезінде ұлттың кескін-келбетін сақтайтын бірегей бағдарлама. Заманауи Қазақстанда білім мен ғылымның, ауыл мәселенсінің шешілуіне және басқа да түрлі бағыттың дамуына едәуір серпіліс берді, - деді Мұхимов. 

Президент әкімшілігінің өкілі бағдарлама аясында дұрыс атқарылмаған жұмыстардың бар екенін жасырмады. Айтуынша, ұлттық прагматиз мәселесі әлі күнге дейін ақсап келеді.
Қазіргі таңда бағдарлама аясында 6 бағыт бойынша 13 арнайы жоба іске асырылуда. Жобалардың басым көпшілігі өте табысты жүруді. Қазақстандық бизнес өкілдерінің бағдарламаға қатысуы жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, меценаттық, демеушілік, тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесу, туған ауылдарына қарайласу сияқты жұмыстар кәсіпкерлеріміздің әлеуметтік жауапкершілігінің артқандығының бір куәсі деп білеміз. Бүгін Ұлттық комиссияда Қырымбек Көшербаев бағдарламаны жаңа деңгейге көтеру және мазмұны мен сапасын арттыру жөнінде жаңа міндеттер қойды. Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық прагматизм мәселесі өте өткір әрі жан-жақты атап көрсетіледі. Өкінішке қарай, бұл бағыттағы жұмыстар тереңінен қарау керек екеніне бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр, - деді сектор меңгерушісі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы