«Роллтон» мен «Доширак» кеспесінен қауіпті пестицидтер табылды
«Роллтон» мен «Доширак» кеспесінен қауіпті пестицидтер табылды. Ресейде танымал брендтердің жылдам дайындалатын кеспелерінде қауіпті заттардың бар екені жарияланды. Роскачество мамандары 20 атаулы өнімге тексеру жүргізген. Тексерушілер олардың бесеуінде май, көмірсу, ақуыз мөлшерінің сәйкес келмейтінін анықтады. Антикөшбасшылар қатарынан тиаметоксам табылған «Доширак» пен «Чан рамен» бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бақылаушылар Buldak өнімінен флуопиколид пен пропамокарбты, ал Nissin өнімінен карбендазим мен тиаметоксамды тапты. «Каждый день» кеспесінде клотианидин мен тиаметоксам болды. Сондай-ақ «Доширак квисти», JML, SamYang және Naruto өнімдерінен де бұзушылықтар анықталды.
«Анаком», «Бизнес ланч», «Бизнес меню», «Биг ланч», «BigBon», «Домшим», «Каждый день» және «Роллтон» маркалары нормаларға сай келеді. Бірақ Роскачествоның озық талаптарына жетпейді.
«Барлық анықталған пестицидтер техникалық регламенттің рұқсат етілген мәндері шегінде болғанымен және заң бұзушылық болып саналмағанымен, олардың болуы (10 сауда маркасының өнімінен іздері табылды) бұл тауарларға Сапа белгісіне үміткер болуға мүмкіндік бермейді. Роскачествоның озық стандарты әдістің сезімталдығы шегінде пестицидтердің мүлде болмауын талап етеді», - деп жазады басылым.
Тексеру қорытындысы бойынша ақпарат бақылау-қадағалау органдарына жіберілді.
Айтпақшы, мамандар 2019 жылмен салыстырғанда микробиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау деңгейі жақсарғанын атап өтті. Олар антибиотиктер, қауіпті бактериялар, микотоксиндердің мөлшерден тыс көп болуын анықтаған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың дұрыс тамақтануының маңызын айтты.