11 Мамыр 2021, 10:04
Риддердегі өрт сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, өрт 11 мамырда таңертең сағат 7.00 шамасында сөндірілген.Құтқарушылар Лихачев көшесіндегі 10 тұрғынды эвакуациялады. Орман аумағында өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта өртеніп жатқан орманның аумағы - 310 гектар. Қосымша көмек ретінде Нұр-Сұлтан мен Павлодардан «Авиациялық орман күзетінің» екі тікұшағы жіберілді. 17 500 текше метр су құйылды, - деді ТЖД өкілдері.
ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істеуде. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар зардап шеккендермен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.
Вице-министр Риддерге аттанған болатын, кейін полиция күдіктінің табылғанын хабарлаған болатын.
Облыс басшысы Даниал Ахметов өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады деген еді.
- Петропавлда жүк көлігі көпірден құлап кетті 15:05
- Тоқаев: «Реформалар елімізді өзгертсе, құндылықтар болашағын айқындайды» 14:53
- Салық түсімі неге жоспарға жетпеді? Үкімет түсіндірді 14:47
- 0% бөліп төлеу шынымен тегін бе: Аз төлемдер қалай үлкен шығынға айналады? 14:37
- Қазақстанда қанша ауқатты адам бар? Министр жауап берді 14:33
- Шетелдік пациенттер саны 300 мыңға жетуі мүмкін: Қазақстан медициналық туризмді дамытпақ 14:31
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңге: Такиев қарыз саясатын түсіндірді 14:19