Ревакцинация мерзімі неліктен қысқарды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, отандық ғалымдар халықаралық тәжірибені әбден пысықтаған.

Біз қосымша комиссия отырысында қарадық. Ғалымдарымыз халықаралық тәжірибені зерттеді. Әлемде 6 айдан соң ревакцинация жасау ұсынып жатқанын көріп отырмыз. Сол үшін 9 айды 6 айға дейін қысқарттық. Иммунитетті нығайту қажеттілігі болғандықтан қайта вакцинациялау мерзімін азайттық. Коронавирустың жаңа штамдарынан организмді барынша қорғауымыз қажет, - деп түсіндірді Алексей Цой Үкіметтің кулуарында.

Сонымен қатар 8 желтоқсаннан бастап қалаған адам емханаға барып, қайта вакцина салдыруға мүмкіндік бар.

Осыған дейін коронавирусқа қарсы вакцина алғандар екпенің екінші дозасынан кейін 6 ай өтсе, ревакцинацияға баруына болады, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр Цой қазақстандықтар «Омикрон» штамын жұқтырды ма деген сұраққа жауап берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы