Ресейде жанармай жетпей жатыр: Қазақстанға әсері қандай?
Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстанға да әсер етуі мүмкін бе? Сарапшы шекарадағы тәуекелдер мен ішкі нарыққа ықтимал ықпалын талдайды.
Ресей – әлемдегі ірі мұнай экспорттаушы елдердің бірі. Бірақ қазір сол елдің өзінде жанармай тапшылығы күшейіп, ондаған өңірде бензинге шектеу енгізілді. Бекеттерде ұзын-сонар кезек, баға өсіп жатыр.
Бұған негізгі себептердің бірі ретінде Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған дрон соққылары аталып отыр. Соның салдарынан Ресей өзге елдерден жанармай импорттай бастады деген ақпарат бар.
Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді? Ресейдегі тапшылық шекаралас аймақтарда заңсыз жанармай тасымалын күшейте ме? Қазақстан Ресейге бензин сатса, ішкі нарықта тапшылық туындамай ма? Қарашығанақ, Орынбор зауыты, мұнай экспорты, авиаотын және күзгі егін науқанына қандай қауіп бар?
Осы және басқа да маңызды сұрақтарды сарапшы Дінмұхаммед Әзімбайұлымен талқылаймыз.
Еске салайық, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей тарапы ішкі нарықтағы жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна бензин импорттау мәселесін талқылап жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін Ресейдің отын тапшылығына байланысты Үндістаннан теңіз арқылы бензин жеткізе бастағанын жазғанбыз.
Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейге жанармай жеткізу мәселесіне түсініктеме берді.
- Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады 12:05
- Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді шахмат турнирінде үздік бестікке енді 11:52
- ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді 11:49
- Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді 11:44
- Instagram желісінде өзгерістер болды 11:43
- Қазақстанның бірқатар өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді 11:41
- Еуропада миллиондаған адам аптап ыстықтың жаңа толқынына тап болды 11:25