Ресейде мектептегі атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, оның 11-і бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыс салдарынан 39 адам зардап шеккенін, оның 15-і қайтыс болғанын анықтады, оның ішінде 11 бала және 4 ересек адам. 24 адам зардап шекті, оның ішінде 22 бала және 2 ересек адам, - деп хабарлады Тергеу комитеті.

Ресей ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Ресейдің Удмурт республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы