Ресейде лифт ішінде бойжеткеннің сөмкесіндегі пауэрбанк жарылды
Рюкзактағы пауэрбанк жарылып, өрт шыққан.
Ресейде Сургут тұрғынының лифт ішінде пауэрбанкі өртеніп кетті.
Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Бейнежазбадан қыздың лифтке кіргенін, есік жабылған сәтте оның сөмкесінен түтін шығып, лап етіп от тұтанғанын көруге болады. Қыз сөмкесін еденге тастай салғанда жанып жатқан пауэрбанк салдарынан лифт кабинасының іші көк түтінге толған.
Бұған қыздың сөмкесіндегі портативті аккумулятордың (пауэрбанктің) тұтануы себеп болған. Сургут тұрғыны зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға бойынша 112 нөміріне ешқандай хабарлама түспеді. Бәрі сәтті аяқталды. Тұрғын үй кооперативімен байланысқа шықтық, көмек қажет болмаған, - деп мәлімдеді Ханты-Мансийск автономиялық округінің ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға Крылов көшесінде болған. Ведомствоның баспасөз қызметі нақтылағандай, бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған.
Мамандар тек сертификатталған портативті аккумуляторларды сатып алу қажеттігін, сондай-ақ олардың қатты қызып кетуіне және механикалық зақымдануына жол бермеу керектігін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Петропавлда қуаттауға қойған телефоннан өрт шықты
Тағы бір әуе компаниясы бортта гаджеттерді пайдалануға тыйым салды
Әуеде пауэрбанк өртеніп, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды