Ресейде коронавирус жұқтырған екі адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей аумағында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды. Екеуі де Қытай азаматы. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері, Ресей аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі штаб төрағасы Татьяна Голикова айтты.

Бұл туралы Тass сайты хабарлады. 

Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл - ауқатын қорғау саласындағы қадағалау қызметі Забайкалье өлкесі мен Түмен облысында короновирус жұқтырған екі адамды анықтады. Олар қазір оқшауланды, қажетті шаралар қабылданды. Екеуі де Қытай азаматы, - деді ол.  
Қытайда өршіп тұрған жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетті. Соңғы тәулік ішінде 1982 адам жұқтырған. Бұдан бөлек Гонконгта 12 адам, Макаода 7, Тайванда 9 адам жұқтырған.

Сондай-ақ коронавирустың жаңа түрін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 15 238 адам тіркелді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың таралуына байланыстыхалықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады.

Дегенмен ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус халықаралық іс-сапарлар мен саудаға шектеу қоюға негіз жоқ екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы