Ресейде диверсия жасады деген күдікпен екі қазақстандық қамауға алынды
Ресей Федерациясы, Ленинград облысының Ломоносов аудандық соты диверсия жасады деген күдікпен Қазақстанның 2006 жылы туған екі азаматын қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ленинград облысы соттарының біріккен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Тараз қаласынан шыққан, Санкт-Петербургте тұрған екі жас жігіт кураторлардың нұсқауымен 40 мың рубль (шамамен 264 мың теңге) сыйақы үшін ұялы байланыс операторының базалық станциясына тиесілі тарату қалқанын өртеген.
Күдіктілер қылмыс орнынан таксимен қашпақ болған кезде, сол маңнан ұсталған.
Оларға тағылып отырған баптың санкциясы 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ-та екі қазақстандық миллиард долларлық алаяқтық жасады деп айыпталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пәкістанда Қазақстан Президентін ресми қарсы алды
Өзгелердің жаңалығы