Ресей-Украина қақтығысы: Макрон Қазақстанның батыл шешімін қолдайтынын айтты

Франция президенті Эмманюэль Макрон Франция Қазақстанның «орта дәлізді» дамытуын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сіздің логистикалық дәлізге (Транскаспий дәлізі) деген адалдығыңызды көріп отырмыз. Украинадағы ауқымды соғыс логистикалық жеткізу жолдарына үлкен қиындық тудырды және осыған байланысты мен сіздің орта Транскаспий дәлізін дамытуға және ілгерілетуге деген жігеріңіз бен ниетіңізді құптаймын. Бұл біздің мүддемізге сәйкес келеді. Жоба аймақта қолдау табады деп сенеміз. Бұл тұрғыда сіздердің елдеріңіз өте маңызды стратегиялық рөлге ие, - деді Макрон Ақордада өткен шағын құрамдағы келіссөзде.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды. Сондай-ақ Франция президенті Эмманюэль Макрон шахтада қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы