Ресей Қазақстанға экспортталатын қант көлеміне шектеу қойды
Ресей Федерациясы үкіметі елдегі қант экспортына уақытша тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алайда қант жеткізу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шектеулі көлемде рұқсат етіледі.
Белгілі болғандай, Ресейде құрақ қанты немесе қызылша қанты мен химиялық таза сахарозаны сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынады.
Шектеу 2024 жылғы 31 тамызға дейін қойылды. Шешім ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын қолдауға бағытталған, - делінген хабарламада.
Осы орайда қантты жеткізу көлемі:
- Арменияға – 28 мың тонна;
- Белорусияға – 5 мың тонна;
- Қазақстанға – 120 мың тонна;
- Қырғызстанға – 28,5 мың тонна деп белгіленген.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізге тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Моңғолияда 7 млн-нан астам ірі қара қырылып қалды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы