Реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады - Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

Айта кетерлігі, Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдарына қатысты пікір білдірді. 

Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті, Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады, - деді Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент мемлекеттің мәселесі мемлекеттік тілде айтылуы қажеттігін айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы