Референдумға ең көп адам қай өңірден қатысатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК басшысы Орталық референдум комиссиясының отырысында айтты.
Комиссия отырысында өңірлердегі әкім аппаратының басшылары референдум учаскелерінің дайындығы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалатын жағдай туралы баяндама жасады.
Референдумға қатысатын азаматтардың ең көп саны бұл Алматы облысында -1 млн 392 237 адам. Олай болатын болса, олардың әрбір сайлау учаскесінің тиісті материалдық қамтамасыз етілуі мен сайлауға қатысатындарды ақпараттандыру сіздердің назарларыңызда деп ойлаймын, - деді Әбдіров.
Әбдіров ең көп қатысатын өңірге рефрендумға барлық жағдай жасауды тапсырды.
Референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.
Референдумның негізгі екі түрі бар:
Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;
Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.
Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықар. құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу 20 ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімш.-аум. құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.