Бүгiн 2026, 13:21
Фото: Ақорда
Референдум: Президент тең жағдай жасау қажеттігін атап өтті
Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.
Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.
Еске сала кетейік, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасына дауыс беру үшін республикалық референдум өтеді.
Ал оның қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланады.
Осы тұста референдумға қатысты негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілгенін айта кетейік.