Рашид Жақсылықов дизель бағасын қалай тұрақтандыруға болатынын айтты
Елімізде дизель мен жанар-жағармай бағасы көршілес елдермен салыстырғанда арзан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Егіс науқанынына арналған дизель бағасы көршілес елдермен салыстырғанда елімізде арзан. Алайда арзан баға кейбір кәсіпорындарға кері әсерін тигізіп, дамуына мүмкіндік бермей жатыр. Яғни өнім мен шикізатқа екі баға қойылған. Бұл дегеніміз кәсіпорындардың өз шығынын өтеуіне ғана жетуі мүмкін. Осы орайда елімізде алдағы уақытта дизель мен жанар-жағармай бағасы қалай болатынын білу үшін Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықовтың пікірін білген едік.
Оның айтуынша, бұл арзан баға үлкен ауыртпалықпен келіп отыр. Бұлай арзан болуының кесірінен дами алмай жатқан мекемелер бар. Себебі, бізде екі түрлі баға. Өздеріңізге белгілі жанар-жағармай мұнайдан шығады. Мұнай дегеніміз шикізат. Дүниежүзілік нарық бекіткен баға бар. Қазіргі таңда ол 80 доллардың төңірегінде болса, ішкі нарықта 18-25 доллар. Бұл жерде ішкі нарыққа сатқан адамның көретін пайдасы 5-7 доллардың арасы, ал сыртқа сататын болса ол 30 доллардың үстінде. Ішкі нарыққа халықтың қажеттілігін өтеуге қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарды дамуға мүмкіндік берілмей отыр. Оның тапқан 5-7 доллары өзінің өндіріп отырған өнімін ұлғайтуға да техникасын жаңартуға де жетпейді.
Өндіріп отырған өнімнің техникасы да заман талабына сай жақсы, жаңа болу қажет. Ал ол көп қаражатты талап ететіні белгілі.
Айтуынша, елімізде бұл саланы дамытатын мамандар да тапшы. Жаңа технология туралы көп әңгіме айтылады. Бірақ оны не үшін пайдалану керек, оның қандай құдыреті бар оны ешкім ашып айта айтып жатқан жоқ . Не жаңа технологияны дамыта алмаймыз, не жаңа техника ала алмаймыз, не мамандарымызды яғни мықты геолог пен инженер оқыта алмаймыз.
Қазіргі таңда Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы жер қойнаулары тозып жатыр. Олардың жылдан-жылға беретін мұнайы азайып жатыр. Мұнай азаю әрине қымбатшылыққа алып келеді.
«Өздеріңізге белгілі Қызылордада ең жақсы кезеңдері 10 млн-ға дейін берген еді. Қазір айналдырған 5-6 жылдың ішінде 4,5 млн-ға түсті. Қызылорда өңірі мұнайдың бір орны болып саналады. Мұнай арқылы нәпақасын тауып отырған қаншама азаматтар бар. Осылай жылдан жылға жоағал беретін болса жұмыссыздық қауіпі де бар. Осының барлығына себеп екі бағаның әсері. Егер осы қарқында мұнай өнімі аталмыш аймақтарда төмендей беретін болса, онда біз тіпті жанар-жағармай дефицитіне емес, соны шығаратын шикі мұнай дефицитіне де 2025 жылдары барып қалуымыз мүмкін. Ол дегеніміз дүниежүзілік экономикалық нарықтың заңдылығы бағаны сұраныс тудыратыны белгілі. Жоқ затқа сұраныс көбейетін болса, баға көтеріледі. Сондықтан жанар-жағармайдың бағасы осы себептен арзандауы мүмкін емес, тек қана қымбаттайды»,-дейді Рашид Жақсылықов.
Оның айтуынша, иемлекет неғұрлым экономикаға көп араласады, соғұрлым экономика тоқырауға ұшырайды.
«Көршілес Ресейде дүниежүзілік нарық бекіткен бір ғана баға бар. Негізінде біздің экономиканың нақты қай бағытта дамып бара жатқанын анықтай алмай отырмыз. Бұл мемлекеттің экономикаға көп араласуының ықпалының салдары. Біз тәуелсіздік алғаннан кейін өз экономикамызды нарықтағы экономика деп бекіттік. Нарықтық экономикада баға да, ұсынысты да, сұранысты да сонымен бекітілуі керек. Қазіргі таңда экономикалық тұрғыдан көп қойылып жатқан сұрақ, біз әлі де болса жоспаралау экономикасынан шыға алмай жатырмыз»,- дейді спикер.
Жанар-жағармай бағасы биыл да қымбаттауы мүмкін. Оған себеп, еліміздегі мұнай қорының азайып бара жатқаны.
«Жанар-жағармайдың бағасы биыл да, кейінгі 3-4 жылдықта да көтеріле береді. Он ашық айтуымыз керек. Ертең жетпеген соң көрші елден алуымызға тура келеді. Яғни, олардың өндіру құны басқа. Бізде 280 тг болса, оларда 380 тг. Демек олар бізге өздерінің бағасымен сатады. Сондықтан да тапшылық мәселесі өте күрделі»,- дейді Рашид Жақсылықов.
Бірақ бұл мәселені шеші жолдары да бар. Ол үшін үлкен қаражат пен уақыт керек. Сондай-ақ елімізде геология саласын дамытуға күш салу қажет.
«Бірақ шешу жолы да жоқ емес. Біріншіден геологияны дамытып, жаңа жер қойнауларын ашу қажет. Геологиямыз өте кенжелеп қалды. Мамандар да, техника да, жоқ. Жер қойнауын баяғыдай қолыңа сым ала салып іздей салатындай жеңіл емес. Міндетті түрде осындай жер қойнауында осыншама мұнай бар дейтін болсаң 3D космостан түсірілген фотосын сұрайды. Ал ол қаншама қаражатты қажет етеді. 2016 жылдан бері геологияны дамыту керек екенін айтып жүрміз. Одан бөлек бізге үлкен дүниежүзілік компания көмектесе алады. Біздегі тапшылықты шешудегі бұл ұзақ мерзімді жұмыс. Екінші ішкі тұтынушылық мен сыртқа сатуды да бағасын бірдей қылу. Баға бірдей болса жер қойнауын игеріп отырған кәсіпорындардың пайдасы көтеріледі де ол өзінің бұрғылау жұмысын күшейтеді. Кәсіпорнын дамытуға ақшасы да пайда болады. Екі бағаның әсерінен кісіпорындар қиналып жатыр. Ең дұрысы біз нарықтық экономика екенімізді мойындап, дүнииежүзілік бекіткен бағамен жүруіміз керек», - дейді Рашид Жақсылықов.