Қызметтегі құқығыңызды білесіз бе?

Жалған "больничный" қағазын тапсырғаныңыз үшін жұмыстан айырылып қалуыңыз мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір көп адам өз құқықтарын керек жағдайда дұрыс пайдаланбайды. Оған немқұрайлылық немесе қажетсіздік себеп. Назарларыңызға қызметте сізге қажет болатын Еңбек кодексінде жазылған құқықтарыңызды ұсынамыз. Кәдеңізге жарар.

Ескере жүріңіз

Жұмыс беруші кесірінен жұмыс тоқтаса, Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмысшылардың орташа жалақының 50%-ын төлеу міндетті. Егер мемлекеттік деңгейде төтенше жағдай болғанда ең төменгі жалақы төленуге тиіс. Ал жұмысшы кесірінен жұмыс тоқтаса, ештеңе төленбейді.

Жалған "больничный" тапсырғаныңыз үшін жұмыстан айырылып қалуыңыз мүмкін. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-тармағында 160 АЕК немесе 552 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Сонымен қоса 160 күнге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы немесе 40 күнге қамаққа алуыныз мүмкін.

Еңбек кодексінің 113-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге ай сайын барлық жасалған төлемдер мен ұсталған салықтар жөнінде есеп беруге міндетті. Оны сізге электрондық пошта арқылы немесе жазбаша беруі қажет. Сондықтан ай сайын есеп бөлімінен оны талап етіңіздер.

Сәбиі бар жұмыскерлер үшін

Бала ауырған жағдайда ата-анаға жұмыс орнынан "больничный" төленеді. 3 жасқа дейінгі балалар ауырып қалған жағдайда оның ата-анасына немесе жақын туыстарының біріне 10 күнге дейін "больничный" аша аласыз. Ауруханаға түскен болса, 3 жасқа дейінгі немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек балаңыз үшін де аштыра аласыз. Оның максималды шегі 25 АЕК немесе 86050 теңгені құрайды.

Еңбек кодексінің 126-1 және 87-баптарына сәйкес жүкті әйелдер жүктіліктің 12-аптасына дейін есепке тұру үшін 3 күн ақылы әлеуметтік демалыс алуға құқылы. Ол үшін жұмысшы өзінің жұмыс орнына арыз жазуы керек.

Егер жұмыстан шығып қалсаңыз

Жұмыстан шыққан жағдайда өтемақы төленеді. Ол Еңбек кодексінің 96-бабы, 2-тарауында қарастырылған. Бірақ ол сізде жылдық демалыс болған кезде ғана төленеді. Өтемақы соңғы 12 айдағы жалақы жасаған күндеріңізге бөлінеді. Осылайша 1 күндік жалақы есептелініп, жұмыс күндеріне көбейтіледі. Одан барлық салық ұсталынады.

Жұмыссыз қалған әрбір Қазақстандық 6 ай мерзімге дейін өзінің соңғы 24 айдағы орташа жалақысынан 45%-ға дейінгі әлеуметтік төлемді ала алады. Ең бастысы шарты – әлеуметтік сақтандыру қорының қатысушы болуыңыз керек. Яғни сіз ресми жұмыс істеген болуыңыз керек. Оны рәсімдеу үшін сіз egov.kz сайты арқылы немесе "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына" барып жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз керек.

Қызметтегі демалыс

Еңбек демалысыңыз мейрам күніне түсетін болса, онда демалысыңыз сол күндерге ұзатылуы тиіс. Ол Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағында қарастырылған.

Сондай-ақ жұмыскердің өтініші негізінде жалақы сақталмайтын демалыс неке тіркелгенде, бала туғанда, жақын туыстары қайтыс болғанда күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы