Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» өткізу бекетіне электронды кезек болады

Мемлекеттік шекара арқылы жүк көлік құралдарының өтуін ыңғайлы ету және цифрландыру үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр Жолы» өткізу бекетінде  2022 жылғы 10 наурызынан бастап 31 желтоқсанына дейін «E-border.kz» платформасы базасында электронды кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде «Нұр Жолы» өткізу бекетінде Qoldau.kz («CarGoRuqsat» мобильді қосымшасы) сайтындағы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ платформасында электронды кезек жүйесі іске қосылған. Бұл жүйенің өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен 15 интеграциясы бар, бұл кезек алу кезінде орын алуы мүмкін түрлі айла-шарғыларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Qoldau.kz» жүйесіне бұған дейін «E-border.kz» арқылы алынған шамамен 19 803 көлік кезегін көшіру жүзеге асырылды.

«E-border.kz» сервисіндегі броньдалған кезектер санының айтарлықтай көптігіне байланысты, сонымен бірге өткізу бекетіндегі өткізу мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік органдар бұған дейін берілген кезектердің жарамдылық мерзімін арттырып, есесіне келесідей үлестіру механизмін енгізу туралы шешім шығарды. 

2023 жылдың 31 қаңтары мен 1 наурызы аралығында – «Qoldau.kz» платформасында 70 көлік «E-Border.kz» арқылы алынған ескі кезекпен өтеді, тез бұзылатын тауарлар тиелген, экспорттық немесе габаритті жүктер және электронды кезектің Уақытша өткізу сызбасына сай келетін өзге де категорияға жататын 30 көлік өткізілмек. 

2023 жылдың 1 наурызынан кейін бұл арақатынас өзгертіліп, бекеттің өткізу мүмкіндігі арта түседі. Бұл ескі кезектегі 70 және одан да көп автокөлік («E-Border.kz»), 30 автокөлік – кезектен тыс тәртіп бойынша өтеді, тағы 30 және одан да көп көлік жаңа «CarGoRuqsat» кезек алған көліктер. Бұндай арақатынасты жүйе ҚХР мен ҚР өткізу бекеттерінің өткізу мүмкіндігіне сай «E-Border.kz» сервисіндегі барлық кезек аяқталғанша  түзетіп отырады (аталған өткелдегі жобалық қуаттылық тәулігіне 1100 АТС). 

Ұсынылып отырған сызба барлық тараптың, яғни кезекті реттеудің тиімді құралдарын енгізу бойынша мемлекеттің де, сыртқы сауда қызметінің бұған дейін кезек алып қойғандар және енді кезек алуға ниеттеніп жүрген қатысушыларының да мүддесін көздейді. 

Ережелерге сай, жаңа «CarGoRuqsat» сервисінде көліктерді тіркеу аталған көлік құралы бойынша қолданыстағы бронь болмаған жағдайда, нақты айтқанда «E-border.kz» тізімінде болмаған жағдайда мүмкін болмақ.

Тасымалдаушылар мен көлік құралдарының жүргізушілерін өз бағытын алдын ала жоспарлап, өткізу бекетіне белгіленген күні «CarGoRuqsat» қосымшасында жарияланатын тізілімдегі кезектің қозғалысын есепке ала отырып жоспарлауды сұраймыз. Жария тізілімде белгіленген күні көлік келмеген жағдайда кезектің күші жойылып, жүргізушілер броньдау процедурасын қайта жүзеге асыруға тиіс болады. 

 Жаңа «CarGoRuqsat» сервисі тасымалдаушыларға өз сапарын жоспарлап, дұрыс бағыт жасап, көлік кезегі анағұрлым аз автомобиль өткізу бекеттерін таңдауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы