Кеше 2026, 17:16 Фото: pexels.com

Қытайда жер сілкінді

Мәліметтерге сәйкес, магнитудасы 5,3 балды құраған.

Жер асты дүмпулері 16 ақпан күні Астана уақытымен сағат 12:14-те (Гринвич уақытымен 07:14) Қытай аумағында тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігі Қазақстан ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 41.00 градус солтүстік ендік, 78.50 градус шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы mb=5.3. Энергетикалық класы K=11.6.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жер сілкінісі сезілгені туралы жаздық.