10 Тамыз 2026, 11:47 Фото: istockphoto.com

Қытайда тайфун әуе қатынасын бұзды: Жүздеген рейс тоқтатылды

Тайфун салдарынан Ханчжоу әуежайында 388 рейс кейінге шегерілді.

Биылғы 13-ші тайфун саналатын «Долфин» Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында екінші рет құрлыққа шықты.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, тайфун Вэньчжоу қалалық округіне қарасты Юэцин қалалық уезінің жағалауына жетті.

Бұл туралы Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы хабарлады.

Тайфун орталығына жақын аумақта желдің ең жоғары күші 13 балға, яғни секундына 38 метрге жетті.

«Долфин» тайфуны алғаш рет жексенбі күні шамамен сағат 17:30-да Чжэцзян провинциясында құрлыққа шығып, Тайчжоу қалалық округіне қарасты Юйхуань қалалық уезінің жағалауына жеткен. Сол кезде тайфун орталығына жақын жердегі желдің ең жоғары күші 14 балды құрады.

Тайфун салдарынан Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы Ханчжоу қаласындағы Сяошань халықаралық әуежайында ұшып келетін және ұшып шығатын 388 рейс тоқтатылды.

Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы табиғи апаттан зардап шеккен аудандардың жергілікті билігіне аса күшті нөсерден қорғану шараларын қабылдау қажеттігін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін  «Долфин» тайфунының салдарынан Шанхайдың екі негізгі әуежайында шамамен 1,4 мың әуе рейсі тоқтатылғаны туралы жаздық.