Қытай мен Орталық Азия елдерінің басшылары Сиань декларациясын қабылдады

Қытай мен Орталық Азия елдерінің басшылары Сиань декларациясына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сиань қаласында «Қытай мен Орталық Азия» саммиті өтіп жатыр. Саммиттің негізгі іс-шаралары бүгін басталды.

Саммитте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Сиань декларациясына қол қойды.

Айта кетейік, бұған дейін саммитке келген журналистерге қытай ұлттық асханасынан қандай тағамдар ұсынылғанын жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы