Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

19 Мамыр 2023, 09:41
2514
Бөлісу:
Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды
PHOTO
Фото: автордан

Сианьда өтіп жатқан Қытай мен Орталық Азияның 5 елінің саммитіне қатысып жатқан журналистерге Қытайдың тағамдары мен сусындары ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытайдың Сиань қаласында 18 мамыр күні «Қытай-Орталық Азия» саммиті басталды. Оған Орталық Азияның, Қытайдың және басқа да елдердің БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

Журналистер Шэньси провинциясының орталығы Сиань қаласындағы бірнеше қонақ үйде жайғасқан. Hualuxe қонақ үйінде орналасқан БАҚ өкілдеріне баспасөз орталығы ұйымдастырылған.

Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

«Қытай-Орталық Азия» саммитінің баспасөз орталығы 17 мамырда өз жұмысын бастады. Сонымен қатар журналистер қонақ үйдің асханасынан қытайдың ұлттық тағамдары мен шайынан дәм тата алады.

Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

Қонақтарға қытай лапшасы мен түрлі қоспалар ұсынылған. Сонымен қатар қытай шайының бірнеше түрінің де дәмін татып көруге болады.

Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

Журналистерге ұсынылған дәмнің қатарында теңіз өнімдерінен жасалған тағамдар, түрлі өсімдік өнімдері мен көкөністерден жасалған салаттар бар. Сондай-ақ буға пісірілген баозцыдың да дәмін татуға мүмкіндік бар.

Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

Ресторанда көкөністер мен ет қосылған мантыға ұқсас мантоу да ұсынылған. Сонымен қоса манго қосылған торт пен түрлі тәттілер бар.

Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

Ресторанның тағы бір бөлігінде жеміс-жидектер ұсынылған. Онда қауын-қарбыз, алма, айдаһар жемісі, манго, шабдалы, маракуйя бар.

Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды
Қытай ұлттық асханасы. Саммитке келген журналистерге қандай тағам ұсынылды

Еске сала кетейік, бүгін «Қытай-Орталық Азия» саммитінің негізгі іс-шаралары өтіп жатыр.

Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысып жатыр. Жиынға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етуде.

Өзгелердің жаңалығы