Қысқа дайындығымыз өте нашар – «ҚазАвтоЖол» басшысы
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев «Желмая» жобасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қысқа дайындық деген өте күрделі мәселе. Айта кетуіміз керек, қысқа дайындығымыз өте нашар, бұлыңғыр әлі. Бірақ каникулдан шыққан депутаттарымыздың көмегі болар, құзыретті органдар жақсы қимылдар деп үміттенудеміз, - деп атап өтті компания басшысы.
Сонымен қатар ол ауа райының қолайсыздығына, жауын-шашынға қарамастан жолдардың төселуіне қатысты жауап берді.
Жауын-шашын кезінде жол төсеу – ол заңсыз. Жаңбыр жауғанда жол төсеуге болмайды. Өзіңіз қарасаңыз, құрғақ күннің өзінде жол салардың алдында сәл дымқылдың өзін кептіріп отырады. Бұл – тапсырыс берушінің өз ісіне дұрыс қарамағындығы, екіншіден, салып жатқан кәсіпкердің салғырттығы осындай көп жайттарға алып келеді, - деді Мейірхат Қасымбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазАвтоЖол» басшысы елімізде бір шақырым жолды қалпында ұстауға жылына қанша млн кететінін айтқан болатын. Басқарма төрағасы жолымызды күтіп ұстауға бөлінетін нормативті қаржыландыру төмен деген баға берді.