Кеше 2026, 16:27 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қыс әлі қаһарында: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Осыған дейін -40°C аяз болатыны, Қазақстанға арктикалық суық келе жатқаны хабарланды.

«Қазгидромет» синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында 25, 26 және 27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астана қаласындағы ауа райы болжамы

25 ақпан: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан соғады, жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде -28...-30°C, күндіз -13...-15°C болады.

26 ақпан: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -22...-24°C, күндіз -16...-18°C деңгейінде сақталады. 

27 ақпан: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -29...-31°C, күндіз -18...-20°C.

Алматы қаласындағы ауа райы болжамы

25 ақпан: Көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +2...+4°C.

26 ақпан: Бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Кей кездері тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

27 ақпан: Бұлтты, қар жауады, кей уақыттарда қалың қар түседі. Кей кездері тұман түсіп, жолдарда тайғақ болады. Солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -3...-5°C.

25 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Павлодар қ.: 25 ақпанда ауа температурасы түнде 35-37 градус аязға дейін күрт төмендейді.

25 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде, шығыста 40 градус қатты аязға дейін күрт төмендейді.

Еске салайық, бұған дейін -40°C аяз болатынын, Қазақстанға арктикалық суық келе жатқанын хабарладық.