10 Қыркүйек 2026, 20:00 Фото: Камчыбек Ташиев / instagram.com/gknb.official

Қырғызстандағы Ташиев ісі: Сот айыптау үкімін өзгертті

Бішкек қалалық сотының судьялары Қамшыбек Ташиевтің ісінен билікті күштеп басып алуға дайындық жасады деген айыпты алып тастап, апелляциялық тәртіппен үкімді өзгертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Бішкек қалалық соты 10 қыркүйекте ҰҚК бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиев пен басқа да жеті адамға қатысты «75-і ісін» қарауды жалғастырды.

Отырыс жабық режимде өтті. Шешімді жариялар алдында судьялар кеңесу бөлмесіне кетті. Басылым мәліметінше, сот орындаушылары журналистер мен басқа да келушілерді залға кіргізбеген. Сондықтан үкім жабық есік жағдайында оқылды.

Судьялар айыптаудан билікті күштеп басып алуға әрекет жасау бабын алып тастады. Оның орнына сайлау құқықтарына кедергі келтіру бабын қолданды.

«Айыптаудан 326-бап («Билікті күштеп басып алуға әрекет жасау») алынып тасталды. Сайлау құқықтарын бұзуға қатысты 195-бапқа қайта сараланды. Мұнда әңгіме мерзімінен бұрын сайлау өткізу әрекеті туралы болғанынан шығар деп есептейді сот», – деді адвокат Латыпбек Нұралимов.

Судьялар жаңа бап бойынша Қамшыбек Ташиевті, Бас прокуратураның бұрынғы басшысы Құрманкул Зулушевті, парламенттің экс-спикері Нұрланбек Тургунбекұлын, сондай-ақ Бекболот Талгарбеков, Курсан Асанов, Құрманбек Дыйканбаев, Аалы Қарашев және Эмиль Ұзақбаевты кінәлі деп таныды.

Әрқайсысына төрт жыл бас бостандығынан айыру және екі жыл пробациялық бақылау тағайындалды. Жаңа бапта мұндай шара қарастырылмағандықтан, судьялар үкімнен мүлікті тәркілеуді алып тастады.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Ташиев пен басқа да фигуранттарға төрт жылдан тағайындаған болатын. Сол кезде судьялар оларды билікті күштеп басып алуға дайындық жасады деп кінәлі деп танып, өкілеттіктерді асыра пайдалану ісі бойынша ақтау үкімін шығарған еді.