Қырғызстанда жер сілкінді: Жер асты дүмпуі жеті ауылда сезілді
Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді. Ошағы Заалай жотасында.
Қырғызстанның оңтүстігіндегі жеті ауылда жер сілкінісі болды. Тұрғындар жер асты дүмпулерін сезді, ал сейсмологтар жер сілкінісінің ошағы тау жотасында орналасқанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kg-ға сілтеме жасап.
Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты хабарлағандай, дүмпулер 10 қазанда сағат 9:04-те орын алған. Сейсмологтар жер сілкінісінің ошағы Заалай жотасында орналасқанын белгіледі.
Жер асты дүмпулерінің ошағы Жар-Башы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым, Ачык-Суу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 143 шақырым жерде болған.
Эпицентрдегі дүмпу күші 4 балды құрады. Ал Ачык-Суу, Жар-Башы, Кулчу, Шибээ, Кара-Шыбак, Кызыл-Эшме және Дароот-Коргон ауылдарында тұрғындар 3 балдық жер сілкінісін сезген.
Қирандылар мен зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды.