Бүгiн 2026, 15:33
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Қырғызстанда келесі оқу жылы 15 қыркүйекте басталады
ШЫҰ саммиті мен Көшпенділер ойындарына байланысты алғашқы қоңырау кейінге шегерілді.
Қырғызстан мектептерінде 2026 жылғы алғашқы қоңырау 15 қыркүйекте соғылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы елдің ағарту министрі Догдуркуль Кендирбаева мәлімдеді.
24.kg мәліметінше, оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда аяқталады.
Оқу жылының басталу мерзімін кейінге шегеру Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Бішкекте өтуіне және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілуіне байланысты қабылданған.
Айта кетейік, ШЫҰ саммиті 2026 жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында жоспарланған. Ал Көшпенділер ойындары 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін өтеді.
Тағы оқи отырыңыздар: Қырғызстанда Ташиев пен тағы екі экс-шенеунік мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша тергеліп жатыр