Қылмыстық кодекстен бірқатар бап алынып тасталады

Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан таныстырған экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Түзетулерді депутаттар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауы мен экономиканы ырықтандыру шаралары туралы Жарлығын орындау мақсатымен әзірледі.

Қылмыстық кодекстің екі бабы толығымен қылмыссыздандырылады. Ауыр қоғамдық қауіп төндірмейтін экономикалық сипаттағы қылмыстар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылады, - деді мәжілісмен.

Олар:

1. Қылмыстық кодекстің 219-бабы – кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану.
Құқық бұзушылықтың элементтері біртекті әрі ұрлық, оның ішінде алаяқтық түрінде болғандықтан, Қылмыстық кодекстің 189 және 190-баптары бойынша қарастырылады. Бұл ретте осыған ұқсас әрекет үшін жауапкершілік ӘҚБтК 233-бабында қарастырылған.

2. Қылмыстық кодекстің 241-бабы – бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзу.
ӘҚБтК-нің 239-бабының алтыншы бөлігіне ауыстырыла ма? Ол бойынша бүгінде тек заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Түзетулерде жеке тұлғаларға арналған нормалар да енгізіледі.

Бұған дейін Қошанов Иран президентін жерлеу рәсіміне қатысатыны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы