Құтқарушылардың жалақысы көтеріле ме?
Сенат кулуарында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құтқарушылардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, құтқарушылардың жалақысы жүйелі түрде көтеріліп жатыр.
Ең басында келгеннен бері 180 мың теңге алады. Бірте-бірте көтеріледі. Одан бөлек, тұрғын үй төлемдері төленеді. Ол отбасының әр мүшесіне 92 мың теңгеден саналады. Бұл 180 мың теңге жалақыдан бөлек беріледі,-деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Сенатта бюджет тапшылығы сынға алынды. Сонымен қатар, педагогтердің жалақысын өсіруге қанша теңге бөлінгені айтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Жылу да, су да жоқ": Сенатта бюджет тапшылығы сынға алынды
Келесі жаңалық
Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы