Құрық ауылының жұмыссыз тұрғындары Westoil-ге жұмысқа орналасуды талап етті
22 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылының жұмыссыз тұрғындары мұнай-газ секторына жұмысқа орналасуды талап еткен бейнеүндеу жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жиналған жұмыссыздар Қарақия ауданының әкімінен оларды «Westoil» компаниясындағы бос орындарға орналастыруды талап етті.
Еске салсақ, West Oil Software басшылығы ереуілге шыққан қызметкерлерге үндеу жолдаған еді. Сондай-ақ Жетібай тұрғындары мұнай компаниясына жұмысқа алуды талап еткен болатын. "ҚазМұнайГаз" West Oil Software қызметкерлерін жұмысқа шығуға шақырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскемендік азамат тұрғындарды тегін тасып жүр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы