28 Тамыз 2026, 15:38 Фото: Ақорда

Құрылтайдың 8 комитеті құрылды: Аймағамбетов, Ахмедиев басшылар қатарында

Құрылтай отырысында жаңа парламенттің 8 комитеті құрылып, олардың басшылары сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1. Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – төрағасы депутат Серік Егізбаев

2. Әлеуметтік даму комитеті – төрағасы депутат Асхат Аймағамбетов

3. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – төрағасы депутат Үнзила Шапақ

4. Қаржы және бюджет комитеті – төрағасы депутат Ольга Перепечина

5. Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – төрағасы депутат Әмірбек Оспанбеков

6. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – төрағасы депутат Марат Қожаев

7. Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – төрағасы депутат Дархан Ахмедиев

8. Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті - төрағасы депутат Наталья Годунова

Сонымен қатар комитет төрағалары комитет құрамына сайланатын депутаттар тізімін жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды.

Одан кейін Дәдебайдың үш орынбасары белгілі болды

Сондай-ақ, Дәдебай Құрылтайдың алдында тұрған міндетті атады.