Құрылтайда жаңа депутат ант берді
Гүлнәр Тойлыбаева 20 қазан күні ОСК-да Құрылтай депутаты ретінде тіркелген болатын. Бүгін жаңа депутат Құрылтай мінберінде ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін, - деді жаңа депутат Тойлыбаева.
Гүлнәр Тойлыбаева өкілеттігін тоқтатқан Татьяна Савельеваның орнына Құрылтай депутаты болып сайланды. Жаңа депутат «Әділет» партиялық фракциясының атынан өкілдік етеді.
Құрылтай отырысында Гүлнәр Тойлыбаева Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.
20 қазанда ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров оған депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыстаған болатын.