Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты ретінде тіркелді

20 Қазан 2026, 14:32
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай 20 Қазан 2026, 14:32
20 Қазан 2026, 14:32
134
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеді. Бүгін ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров оған депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұған дейін «Әділет» партиясының Саяси кеңесі Бюросының тиісті шешімі комиссияға жолданған. Осы шешімге сәйкес Құрылтайдағы бос депутаттық мандат партиялық тізімге енгізілген Гүлнар Тойлыбаеваға берілген.

Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Нұрлан Әбдіров депутатты тіркеу рәсіміне қатысты пікір білдіріп, оның кәсіби тәжірибесі заң шығару жұмысында тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады.

Наверх