15 Қыркүйек 2026, 15:55 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай

Құрылтай депутатының қабылдауына қалай жазылуға болады?

I шақырылымдағы Құрылтайда Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысын бастады. Оны ашу туралы шешім Құрылтай Бюросының отырысында Спикер Айбек Дәдебайдың төрағалығымен қабылданды. 

Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Закиева хабарлағандай, жаңа алаң депутаттар мен азаматтар арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз етіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын неғұрлым мұқият қарастыруға тиіс.

Депутаттың қабылдауына қалай кіруге болады?

Құрылтай Төрағасының тапсырмасы бойынша депутаттармен кездесулерді ұйымдастыру және өткізу ережелері әзірленді. Қабылдау кестесі барлық фракциялармен және комитеттермен келісіліп, Құрылтайдың ресми сайтында жарияланды.

Қабылдауға бірнеше тәсілмен жазылуға болады: Құрылтай сайты арқылы электронды өтініш жіберу, жазбаша немесе ауызша өтініш беру, сондай-ақ тікелей Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіну.

Оның жұмысын депутаттар Константин Авершин, Айжан Аймағанова және Шолпан Каринова үйлестіретін болады. 

Қоғамдық қабылдаудың жұмысы 14 қыркүйекте басталды.

Айта кетейік, Қоғамдық қабылдаудың іске қосылуы азаматтардың Құрылтай депутаттарымен тікелей байланыс орнатуына және өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізуіне мүмкіндік береді.