7 Қазан 2026, 10:23 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай

Құрылтай 6 судьяны қызметінен босатты

Құрылтай отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын лауазымынан босату туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрылтай Жоғарғы Соттың судьялары Марина Боровикті, Нұржан Қайыпжанды, Валерий Ноздринді, Мәдениет Омарбекованы, сондай-ақ Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиевті қызметінен босатты.

Мәселелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 10) тармақшасына сәйкес қаралды.

Айта кетейік, бұған дейін Депутат Татьяна Савельева Құрылтайдағы қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты.