Құқығы бұзылған әр балаға жеке кейс-менеджер тағайындалады

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елде бала құқықтары бұзылған жағдайда оны жеке сүйемелдеуді қамтамасыз ететін кейс-менеджерлер институты енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, өңірлерде анықталған әрбір жағдай бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдары қатарынан кейс-менеджер бекітіліп, істің толық аяқталуына дейін жауапты болады.

Кейс-менеджерлер білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, құқық қорғау және психологиялық қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіріп, баланың медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмегін қамтитын жеке қолдау жоспарын қалыптастырады және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді, - деді министрлік өкілі ОКҚ-дағы брифингте.

Бұған дейін БҰҰ Қазақстанның «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын қабылдағанын мақұлдаған еді. Белгілі болғандай, Қазақстанда 7 млн балаға арналған жаңа жүйе іске қосылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы