"Құдайдың сынағынан өтпедім". Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотталушы әлеуметтік желіде оны жек көрушілер көбейгенін және өзі мен отбасы қорланғанын айтты.

Бірақ менің қорғаушыларым бұған қарамай бүкіл БАҚ-қа ашық сот өткізді , оған алқабилер қатысты. Мен бір ғана мақсатты көздедім - 10 адамға сол трагедия болған күннің шындығын жеткізу, Салтанатпен қарым-қатынасымыз туралы, өз сөзімді жеткізуге мүмкіндік алу еді. Тым болмағанда 10 адам тыңдаса екен дедім, - деді Бишімбаев.

Ол Құдайдың сынағынан өте алмағанын айтты.

Бұл әлемде бәрі бекерден бекер болмайды. Бәріміз бұл жерде сынақтан өтеміз. Егер сіздер сенсеңіздер... Қалаймыз ба, қаламаймыз ба Құдай бізді әр күн сынақтан өткізеді. Біз әр күн оның тестінен өтеміз. Сол 9-10 қараша күнгі тесттен мен өтпедім, - деді Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ Бишімбаев алқабилерден әділ шешім шығаруды сұрады.

Мен абайсызда оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, оның өліміне әкеп соққаны үшін кінәлімін. Мен кінәлімін, бірақ қасақана өлтіргенім үшін емес, - дейді Бишімбаев.

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор Бишімбаев әйелін не үшін өлтіргенін айтты. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев сотталушы Қуандық Бимшімбаевтың психологиялық тұрғыда сау емес екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы