Қуандық Бишімбаевтан тағы жауап алынады

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін сот отырысында Нүкенованы өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевтан жауап алынады. Одан кейін екінші сотталушы Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтан жауап береді.

Куәгер Нұрқайдардан жауап алу аяқталған соң сот сотталушы Бишімбаевтан жауап алуға кіріседі. Содан кейін куәгерлерден жауап алу жалғасады, - деді судья Айжан Құлбаева.

Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып:

99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:

ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАО мейрамханасында бармен болған Абылайхан Ерденов экс-министрдің сол күні қандай күйде жүргенін айтқан еді.

Сондай-ақ өткен аптада Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары марқұм Салтанат Нүкенованың ағасына бірқатар сұрақ қойған болатын. Сол сотта Нүкенованың ағасы қарындасының көгерген бет-жүзінің фотосуретін көрсеткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы