ҚТЖ жасырын транзит салдарынан 16 млрд теңге жоғалтқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын түсіндіруге арналған іс-шара өтті.
Заңның негізгі мақсаты мен міндеті 4 мәселені шешуге бағытталған. Біріншісі, жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыру және ашық ету, екіншісі, жүктердің жасырын транзитін алдын алу, үшіншісі, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды есепке ала отырып, кірме жолдар қызметтерін реттеу және төртіншісі, теміржол билеттерін заңсыз сату, қайта сату фактілері бойынша жауапкершілікті күшейту, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жасырын транзит схемасы келесідей тәсілмен жүзеге асып жатыр: қандай да бір жүк Қазақстан аумағына "импортық режимде" келеді, алайда кейін үшінші елге "экспорттық режимде" қайта жіберіледі.
Көрсетілген схема жүк жөнелтушілерге экспорттық-импорттық тарифтер деңгейінен 4 есе жоғары болып табылатын транзиттік тарифтің төлімінен құтылуға мүмкіндік береді. Жыл сайын ҚТЖ аталмыш тәсілдің салдарынан 16 млрд теңгеге жуық ақша жоғалтып отыр. Осыған сәйкес жүру жолында тиеп-түсіруді, көлік түрін ауыстыру рәсімін қамититын "жүк транзиті" ұғымын енгізіп отырмыз. Сондай-ақ, тасымалдаушы жүкке арналған ілеспе құжаттарды қарау құқығына ие болады, - деді басқарма басшысы.
Оның сөзінше, жаңа нормалар жүк жөнелтушілерге транзиттік тариф төлемінен құтылуға жол бермейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда сауда орталығындағы хайуанаттар зообағы жабылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы