Қазақстанда пойыз билеттері күрт қымбаттауы мүмкін
Қарыз көлемі 3 трлн теңгеден асып, салаға қысым түсіріп отыр.
Қазақстан темір жолы шығынмен жұмыс істеп отыр, бұл жағдай тасымал бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов ҚТЖ-ның тариф саясаты мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоғары аудиторлық палатаның дерегіне сүйенсек, елдегі жүк айналымының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен тасымалданады. Қазақстан ЕАЭО мен ТМД елдері арасында теміржол тарифтері ең төмен мемлекеттердің бірі саналады. Ал көрші елдерде дәл осындай тасымал құны 2–4 есе қымбат. ҚТЖ-ның жалпы қарызы жаңа несиелерді қосқанда 3 триллион теңгеден асып кеткен.
Бұл мәселені соза беру ҚТЖ-ның өзіне де, жалпы елдің транзиттік әлеуетіне де айтарлықтай теріс салдар әкелуі мүмкін, – деп ескертті депутат Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.
Бұқтұғұтовтың айтуынша, тарифтерді жедел реформалау қажеттігін бұған дейін ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де тапсырған болатын.
Еске салайық, бұған дейін сенатор сондай-ақ Қазақстандағы магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейі 57%-ға жеткенін сынға алған болатын. Теміржолдардың тек үштен бірінде ғана қос жол бар. Шамамен 60% станциялар мен айналма жолдар ұзын құрамды пойыздарға бейімделмеген. Ал желінің үштен екісінен астам бөлігі электрмен мүлдем қамтылмаған.
- Қазақстанның кинопрокат нарығына бірыңғай ережелер енгізілуі мүмкін 01:42
- 11 тамызға арналған валюта бағамы 00:45
- Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды 10.08.2026
- Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды 10.08.2026
- Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті 10.08.2026
- «Ақ Жол» жемқорлардың «Лазурный жағалауға қашып кетуіне» жол бермеуді ұсынды 10.08.2026
- "Неғұрлым Құнанбайлар көп болса, соғұрлым Абайлар көп болады": Ходжаназаров бай азамат – бай мемлекеттің негізі екенін айтты 10.08.2026