ҚСЗИ директоры: Біз фейсбук әлемінен шығуымыз керек
Астана Қазақстан-Ресей сараптамалық кеңесін қайта құруға бастамашы болып отыр, ол біздің елдер арасындағы қарым-қатынас туралы жалған ақпаратпен күресуге бағытталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов ММХҚИ-да өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде айтты.
Дәстүрлі түрде сарапшылық диалог – дипломатияның екінші жолы. Иә, осы отыз жыл ішінде сарапшылық диалог жүргізілді. Мүмкін түрлі нәтижелер де берген шығар. Алайда қазіргі таңда диалогты жүйелі деңгейде жүргізуді уақыт талап етіп отыр. Оның үстіне бүгінде сарапшылар диалогы кейбір зерттеу нәтижелерімен алмасу ғана емес, сонымен қатар бір-біріне қатысты әртүрлі фейктердің, стереотиптердің пайда болуына белгілі бір тосқауыл бола алады. Бұл туралы іс жүзінде қарым-қатынасымыздың қалай дамып жатқанын білмейтіндер емес, өз мамандығы бойынша – тарих, саясат, экономика саласында жұмыс істейтін мамандар айту керек – дейдді ол.
Тұқымов Ресей ғылым академиясының Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институтының (ӘЭХҚИ) басшылығымен кездесу өткізетінін, кездесуде қазақстандық тарап Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесінің жұмысын қалпына келтіруге бастамашы болатынын атап өтті.
Мұндай диалог алаңы кезінде болған (2000 жылдардың басында – ред.), бірақ жылдар өте жұмысын тоқтатқаны рас. Жүйелік деңгейде диалог жүргізу үшін Ресейдегі барлық мүдделі тұлғаларды осы құрылымға шақырамыз. Бұл ретте кеңеске Мәскеу мен Астанадан ғана емес, Ресей мен Қазақстанның барлық өңірлерінен де сарапшылар кіргенін қалаймын. Бізге әртүрлі тараптардың көзқарасы керек, ауқымды күн тәртібін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының да, Ресей Федерациясының да өңірлерінің мүдделерін білу қажет. Сарапшылар пулының жұмысы елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың барлық нысандарын табысты дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін. Біз фейсбук әлемінен шығу үшін жиналдық, - деп атап өтті ҚСЗИ басшысы.
Өз кезегінде ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов қазақстандық әріптесінің бастамасына қолдау білдірді.
Бұл идея тез және тиімді жүзеге асырылуды талап етеді. Біз бұған қуана қатысатын боламыз – деді ол.