Кеше 2026, 15:36 Фото: ©BAQ.KZ архиві

ҚР СІМ БАӘ-де өмір бойына сотталған қазақстандықтың қандай қылмыс жасағанын айтты

Іс бойынша апелляциялық шағым түсірілген.

Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Әмірлігінде ұсталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық азамат туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған қылмыстық іс адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ ар-намыс пен тыныштыққа қол сұғу сияқты ауыр қылмыстар санатына жатады, - деп атап өтті СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев ведомствода өткен баспасөз брифингінде. 

Айтуынша, бұл іс бойынша апелляциялық шағым берілген.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша апелляциялық шағым берілгендіктен, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Іс Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктің ерекше бақылауында, - деп нақтылады Ерлан Жетібаев.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР СІМ БАӘ-де сотталған қазақстан азаматына шығарылған үкімге қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.