14 Шілде 2026, 11:37 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

ҚҚС түсетін түсім бір жарым есеге жуық өсті – вице-премьер

Салық реформасынан кейін ҚҚС түсімі едәуір көбейді.

Салық реформасы жүргізілгеннен кейін қосылған құн салығынан (ҚҚС) түсетін түсімдер шамамен 1,5 есеге артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта ҚҚС бойынша түсімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

ҚҚС түсімдерінің өсіміне ерекше назар аударғым келеді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ҚҚС-тан түскен кіріс шамамен бір жарым есеге көбейді, – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ол биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджет кірістері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 16%-ға артқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,9 миллионға жеткені белгілі болды.