«Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысы қамауға алынды
«Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысатын инвестициялық компания атын жамылған «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.
Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған.
Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.
Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы