Қоянды маңындағы жағажайда екі бала суға батып кетті
Ақмола облысында екі кәмелетке толмаған қыз суға батып кетті.
Қайғылы оқиға 10 тамыз күні Қоянды ауылындағы су қоймасының орталық жағажайында болды. Балалардың өлім дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақмола облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша су қоймасының орталық жағажайында екі кәмелетке толмаған қыз суға батып кеткен.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді өңірлік ведомстводан.
Тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Айта кетейік, бұған дейін Жайық өзенінде батып бара жатқан адам құтқарылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам суға батып кетті
Ертіс көпірінен секірген ер адамның мәйіті табылды
Алакөлде катер демалушылармен бірге суға батып кете жаздады: Иесі бес бірдей заңды бұзған