Қостанайда криптовалюта ісі бойынша үкім шығарылды
Қаржылық мониторинг агенттігі арнайы рұқсатсыз заңсыз крипто айырбастаумен үндескен кәсіпкерлік қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдікті 2020-2022 жылдар аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырып, тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
Ол веб-сайт арқылы қамтамасыз етілмеген Bitcoin цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен сатып алу–сатуды жүзеге асырған. Осы арқылы 358 млн теңге сомасында, яғни аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды және екі жыл мерзімге цифрлық активтердің, цифрлық майнингтің шығарылуы мен айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді.