Қостанай ұландары жоғалған баланы тауып алды
Қостанай ұландары жоғалған баланы тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық ұланның «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қаңтар күні Қостанай қаласының қоғамдық тәртібін сақтау қызметі кезінде Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің жауынгерлеріне әл-Фараби 65 көшесі бойында адасып кеткен бала байқалғаны бойынша ақпарат түседі.
Оқиға орнына жеткені сол еді, жасаққа жас бала кезігіп, Қостанай қаласына Көктерек ауылынан жарысқа келіп, адасып кеткені жайлы баяндайды. Сұрау барысында баланың мекен-жайы табылып, қайтарылады.
Бізге полиция департаментінің жедел басқарма ортасынан жоғалып кеткен бала жайлы ақпарат түседі, оқиға орнына барған едік, шынымен де Қостанай қаласына «Тоғыз құмалақ» ойыны бойынша жарысқа келген жас бала екен, «ЦУМ» сауда үйін аралау кезінде балалардан айрылып, адасып кеткені жайлы баяндады, - дейді әскери жасақ бастығы кіші сержант Рустам Ақтанов.
Рустам Ақтановтың басқаруымен Қостанай қаласының бірнеше тәртіп бұзушылары ұсталып, көшеде адасып кеткен үлкенді кішісі үйлеріне қайтарылды.