Кеше 2026, 18:00 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қостанай облысында екі мыңға жуық малға «өтірік» екпе салынған: 20 шенеунік жазаланды

8 лауазымды тұлға әкімшілік және 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысында екі мыңға жуық малды жалған вакцинациялау анықталды.

Қадағалау қызметі барысында Қамысты ауданының прокуратурасы 1910 бас ауыл шаруашылығы малын жалған вакцинациялау, сондай-ақ мал басы бойынша статистикалық есептемеде 537 басқа асыра бағалау фактілерін анықтады.Екі ветеринариялық пунктте термочемодандардың болмауы салдарынан 20 мың дозадан астам көлемде ветеринариялық препараттарды тасымалдау (орнын ауыстыру) және сақтау қағидаларын бұзу анықталған, - деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар, жас малды вакцинациялау мерзімдерін бұзу, ревакцинация кезеңділігін сақтамау, вакциналардың дозасы және басқа да бұзушылықтарға жол берілген.

Ветеринарлық заңнама саласында анықталған барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды, 8 лауазымды тұлға әкімшілік және 12 тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік бюджетке жалған вакцинациялау бойынша 744, 3 мың теңге сомасына шығындар өтелді, - делінген хабарламада.  

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да 82 көлікті заңсыз тіркеген топ ұсталды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Қазақстанда фермер неге байымайды? Агросаладағы басты қателіктер аталды

Қазақстанда ауыл саны азайды: Министрлік нақты дерек айтты