20 Шілде 2026, 20:23 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қостанай облысында балалар лагері заңсыз жұмыс істеген

Кәсіпкерге айыппұл салынды.

Кәсіпкер балалар лагерін қажетті рұқсат құжаттарынсыз ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай ауданаралық сотында кәмелетке толмағандарға арналған балалар демалыс лагерінде білім беру-сауықтыру қызметін заңда белгіленген рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібін сақтамай, сондай-ақ тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі) жеке кәсіпкерге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында кәсіпкердің аталған қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жолдамағаны анықталды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметін көрсететін балаларға қосымша білім беру ұйымдары үшін қажетті рұқсат құжаттары мен білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болмаған.

Істі қарау нәтижесінде сот жеке кәсіпкерді әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 108 125 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады, - деп хабарлады Қостанай облысы сотының баспасөз қызметі. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы лагерьде төрт бала уланып қалды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Абай облысындағы өрт: Балалар лагерінен 200-ге жуық адам эвакуацияланды

Балалардың жазғы демалысы қалай қауіпсіз ұйымдастырылуы керек?

Жазғы лагерьлерге қойылатын талаптар қатаңдайды