Қайғылы оқиға 16 тамызда қаланың 4-шағын ауданында болған. Әйелдің қаза болғанын Қостанай облысының полиция департаменті растады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр және бақылауда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді, – деді полиция өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада 22 жастағы бойжеткен көпқабатты үйден құлап, қаза тапқанын хабарлаған едік.